ПМПК туралы жалпы ақпарат:
1) «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер беру» мемлекеттік қызметтер стандарты.
2) Біздің мекенжайымыз: Ақтөбе қ,Рысқұлов көш. 200Б , эл почта : aktobeopmpk @mail.ru.
Байланыс телефоны: 8(7132) 55-02-84, 55-04-22, 54-41-14.
Өтініштерді қабылдау және қорытындыны беру жұмыс кестесіне сай жүзеге асады:
Күндер | Уақыты | |
Басшылық | Мамандар | |
Дүйсенбі | 9.00-17.30 | 8.30-13.20 |
Сейсенбі | 9.00-17.30 | 8.30-13.20 |
Сәрсенбі | 9.00-17.30 | 8.30-13.20 |
Бейсенбі | 9.00-17.30 | 8.30-13.20 |
Жұма | 9.00-17.30 | 8.30-13.20 |
3) Телефон арқылы алдын ала жазылу немесе қызмет алушының тікелей келіп өтініш беруі қарастырылған.
Мемлекеттік қызмет қызмет алушыға тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы);
- бар болса – мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі;
- денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін).
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:
- денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттама нысандары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген)№ 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, № 027/у «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысаны;
- білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
- оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.