- Подробности
- Автор: Super User
- Категория: Жаңалықтар
- Просмотров: 6
2023 жылдың 3 наурыз күні облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" КММ-сі "Жалпы білім беруде қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері"тақырыбында облыстық онлайн семинар-кеңес өткізді.
- Подробности
- Автор: Super User
- Категория: Жаңалықтар
- Просмотров: 6
"Облыстық ПМПК" КММ-сі 2023 жылдың 3 наурыз күні 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойға ПМПК-ның бұрынғы басшылары М. С. Кубиев, Б. Г. Иргалиева, Н. І. Есенғазы және сол мерзімде еңбек еткен ардагерлер В. Н. Дьячкова, Т.И. Пилипенко, осы ПМПК мекемесінің құрылуына өз үлесін тигізген Г. П. Еремеева, сонымен бірге мекеменің бұрынғы мамандары С. З. Наурызова, Ғ. Ш. Сағындыкова, Е. Шестакова, Ю. В. Швайко шақырылды. Мерейтой қонақтарының қатарында облыстық білім басқармасы, ғылыми-тәжірибелік орталық, облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қызметкерлері, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары болды.
- Подробности
- Автор: Super User
- Категория: Жаңалықтар
- Просмотров: 128
Құрметті ата-аналар!
Сіздерге 09. 08. 2021 ж. "Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы"КМК-сіне кіру Ashyg бағдарламасы бойынша мәртебені тексеру арқылы жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз. Мәртебені тексеру үшін Ashyg қосымшасын жүктеп алып, телефон номері мен ЖСН-ді енгізу, QR -кодты сканерлеп, тіркеушіге көрсету қажет. Түсінгеніңіз үшін алғыс білдіреміз!
- Подробности
- Автор: Super User
- Категория: Жаңалықтар
- Просмотров: 251
2020 жылдың қыркүйек айында "Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру"КММ- нің мамандары Ойыл, Мәртөк, Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Байганин аудандарының білім беру бөлімдері мен ППТК КММ-нің қолдаухаттарына сәйкес кезекті сапарға шығу отырыстарын өткізді. Отырыстың мақсаты бойынша жалпы білім беретін мектептерде оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру бағдарламалары анықталып, ұсыныстар берілді. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде білім беру қызметін анықтау және түзету көмегін алу үшін балалар тексеруден өтті. Сонымен бірге педагогтар мен ата-аналарға консультативтік көмек көрсетілді.
- Подробности
- Автор: Super User
- Категория: Жаңалықтар
- Просмотров: 296
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 короновирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанның барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурыз бен 2020 жылдың 15 сәуір аралығында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жарияланды. ҚР –ның Білім және ғылым министрінің 14.03.2020 ж. «Пандемия кезінде білім беру ұйымдарында жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы №108 бұйрығын және Ақтөбе облысының білім басқармасының №2-1301 бұйрығын негізге ала отырып, обл ПМПК КММ-сі 2020 жылдың 17 наурыз бен 15 сәуір аралығында балаларды қабылдауды уақытша тоқтатқандығын хабарлайды.