Мерейтой барысында ескі суреттер арқылы 20 жылдық тарихты әдемі еске алулар, ПМПК-ның бүгінгі тынысы туралы фильм,  шын жүректен шыққан ыстық құттықтаулар мен ән-билер болды.

Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Раушан Серікова ұжымды құттықтап, мекеме меңгерушісі Р. К. Биарстанованы "Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапаттады. Мекемеде 20 жылдық еңбегі сіңген мамандар А. Б. Какимова, Г. И. Саргубенова, Р. Е. Бисенкулова салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасына ие болып, барлық марапат иелеріне емдеу-сауықтыру орталығына жолдама тарту етілді. Ұжымдағы барлық қызметкерлерге қаржылай қолдау көрсетілді.

Облыстық білім басқармасы мекеме меңгерушісі Р. К. Биарстанова мен психолог А.Ш.Анесованы Құрмет грамотасымен, Г. А. Досованы "Дипломмен", А. Б. Какимова, Г. И. Саргубенованы, Р. Е. Бисенкулованы  "Алғыс хатпен" марапаттады.

Арнайы білім беру ұйымдары ПМПК меңгерушісін "Алғыс хатпен" марапаттап, заттай сыйлықтар ұсынды.

Ал мекеме тарапынан келген ардагерлерге, ұжымдастарға және қонақтарға естелік ретінде сый-сияпат жасалды.