Семинарға инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім бөлімінің жауапты әдіскерлері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен арнайы педагогтар қатысты.
Семинарда «Қазақстан Республикасында инкюзивті білім беруді қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар», «Ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың топтары», «Жалпы білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы», «Бейімдеуге және жеке оқу бағдарламасын құрастыру бойынша ұсыныстар» тақырыптары бойынша баяндама жасалып, тақырыптар бойынша өзекті мәселелер қозғалып, талқыланды. Семинар соңында ПМПК мамандарына сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауап алынды.